Мердігер ұйым аудандық зираттарға күтім жасау жұмыстарын бастады

Мердігер ұйым аудандық зираттарға күтім жасау жұмыстарын бастады

Ауданда жалпы аумағы 67,9 га болатын 6 қорым бар.

Осы жылдан бастап зираттарға күтім жасау аудан әкімдігінің қарамағына өтті, конкурстық рәсімдердің нәтижесінде үш жылдық мерзімдегі шарт шеңберінде жұмыс істейтін мердігерлік ұйым анықталды.

Мердігер зираттардың аумағын таза ұстауы керек — қоқыстарды жинау және шығару, шөп шабу, қыс мезгілінде қарды тазарту. Сондай-ақ қызметтерге апатты ағаштарды санитарлық кесу және шабу, аумақты көгалдандыру және жалпы аумақтардағы абаттандыру элементтерін шағын мерзімді жөндеу жұмыстары кіреді.

Зираттарға күтім жасау мәселелері бойынша 397 57 76 нөміріне хабарласа аласыздар.

Мердігерлік ұйым — «Алматы қаласы бойынша мамандандырылған салттық қызмет көрсету комбинаты» ЖШС.