Айбасов көшесіндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары

Айбасов көшесіндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары

Бір ауысымда 200 науқасты қабылдауға арналған жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын.

Ағымдағы жылдың сәуір айында конкурс нәтижелері бойынша аяқталмаған құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыратын мердігер ұйым анықталды.

Бұған дейін сот шешімі бойынша жұмысқа жауапкершілік танытпаған мердігермен келісім-шарт бұзылған болатын, оның кінәсінен құрылыс мерзімі едәуір ұзартылды.

Қазіргі уақытта ішкі әрлеу, қасбетті әрлеу және металл конструкцияларын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, жоба бойынша амбулаторияда балалар мен ересектерге арналған бөлімшелер, әйелдер консультациясы, стоматологиялық бөлімше және рентгенодиагностика жұмыс істейтін болады.

Амбулатория заманауи жабдықтармен жабдықталады, сондай-ақ жобада тұрақ аймағы және іргелес аумақты абаттандыру көзделген.

Жұмыстарды ағымдағы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда.