Шағын аудан тұрғындарын сапалы газбен қамтамасыз ету мақсатында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тапсырысы бойынша қолданыстағы газ құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда 2 шақырым желі жаңартылды, жобаны толығымен қазан айына, яғни жылыту маусымына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Тұрғындарға келетін қолайсыздықтарды барынша азайту үшін техникалық мүмкіндігі бар кей учаскелерде жұмыс қазусыз, әуе тәсілімен жүргізілуде. Ал қазу жұмыстары қарастырылған аумақтарда жұмыстар аяқталғаннан кейін асфальт-бетон жабыны қайта қалпына келтіріледі.
Жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде, біз сіздерді жаңалықтардан хабардар етіп отырамыз.