VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XII сессиясының 2023
жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешiмi. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2023
жылғы 12 желтоқсанда № 1750 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының
6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына
сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Алматы қаласында әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап, ал 41-тармағының 8) және 9) тармақшалары 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.