Алматы туризм бюросы қаланың алғашқы ресми гастрогидін шығарды

Алматы туризм бюросы қаланың алғашқы ресми гастрогидін шығарды

Алматы гастрономиялық туризмнің орталығына айналып келеді. Қала дәстүрлі қазақ тағамдарын әлемдік асханамен ұштастырып, әлемнің түкпір-түкпірінен гурмандарды тартып отыр.

Дегенмен, қалада гастрономиялық бағытта жол көрсететін арнайы гид болмаған. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Almaty Tourism Bureau 140-тан астам мекеме мен қала бойынша бағытты қамтитын гастрогид әзірледі.

Гидте дәстүрлі қазақ асханасы бойынша турлар, көпұлтты бағыттар және Instagram үшін ерекше орындар ұсынылған.

Сондай-ақ, гидте әр мекеменің ерекшеліктері, Алматыға ғана тән бірегей тағамдар, сапардан естелік ретінде алуға болатын фуд-кәдесыйлардың тізімі берілген.

Гидті мына сілтеме арқылы жүктей аласыз: https://online.fliphtml5.com/cailg/bael/#p=1