2025 жылғы 23–25 сәуір аралығында Алматы қаласында Орталық Азия аймағындағы туризм саласының басты оқиғаларының бірі – KITF 2025 Қазақстандық халықаралық туризм және саяхат көрмесі өтеді. Іс-шара дәстүрлі түрде «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығында ұйымдастырылады.
KITF (Kazakhstan International Tourism Fair) – өңірлік туристік индустрия көшбасшыларының басын қосатын маңызды кәсіби алаң. Көрме жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші туроператорлар мен қонақ үй желілері, авиа және көлік компаниялары, ұлттық және аймақтық туристік ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар мен сала сарапшыларын жинайды.
2024 жылы көрмеге 5000-нан аса адам келіп, әлемнің түрлі елдерінен келген 406 экспонент қатысты, бұл жоғары деңгейде өткенін ескере отырып, KITF 2025 көрмесі ауқымы кең, мазмұны терең бағдарламасымен туризм саласының мамандарын көбірек тартуды көздеп отыр. Қатысушыларды жаңа бағыттар, заманауи сервистер мен технологиялар, B2B кездесулер, шеберлік сабақтары мен панельдік сессиялар күтеді.
KITF 2025 – бұл жаңа серіктестер табуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және туризм саласындағы соңғы трендтермен танысуға мүмкіндік беретін бірегей кәсіби платформа.