Amazon Prime командасы тревел-шоу түсіру үшін Алматыға келе жатыр

Amazon Prime командасы тревел-шоу түсіру үшін Алматыға келе жатыр

Travel by Dart – әлемдік танымал шоудың түсірілім өтетін орны әлем картасына лақтырылған дарт арқылы анықталады. Бағымызға орай бұл жолы бағдарлама біздің қалмызға жол тартты.

Түсірілім келесі аптада басталады. 400 миллионнан астам әлемдік көрермен Алматыда қазақтың салт-дәстүрінен бастап, басты көрікті жерлеріне дейін қаланың қызықты жерлерін, мәдени мұрасын тамашаламақ.

Бізбен бірге болыңыз және біз сізге бағдарламаның сілтемесін бірінші болып бөлісетін боламыз!