Қытайда Қазақстандағы туризм жылына арналған форум өтті

Қытайда Қазақстандағы туризм жылына арналған форум өтті

28 наурызда Бейжіңде көршілес екі мемлекетті біріктіретін маңызды оқиға – Қытайдағы Қазақстанның туризм жылына арналған форум өтті.
Халықаралық форумда туризм саласына инвестиция салу, туризм саласын ілгерілету және одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Алматыдан келген делегация құрамында жетекші туристік компаниялардың, қонақүйлердің және @shymbulakmountainresort өкілдері болды. Алматы қаласы ұсынған көрме стендінде қала маңындағы демалыс пен саяхаттың алуан түрлі мүмкіндіктерін бейнелейтін инсталляциялар, соның ішінде табиғи ерекше орындар, тамаша шаңғы трассалары, бай мәдени мұра және гастрономиялық ләззатттың шынайы көріністерін ұсынылды.