Алматы – Куала-Лумпур тікелей рейсі іске қосылды

Алматы – Куала-Лумпур тікелей рейсі іске қосылды

2024 жылғы 14 наурызда AirAsia Х әуекомпаниясы Куала-Лумпурдан Алматыға алғашқы рейсін жасады. Air Asia Х – 2001 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан малайзиялық лоукостер.

D7600 алғашқы рейсі Куала-Лумпур әуежайынан Алматы әуежайына әуе кемесінің жүз пайыздық жүктемесімен ұшты, бұл аталған бағыт бойынша жоғары сұранысты растайды. Инаугурациялық рейсте 283 адам келді, оның ішінде 12 шетелдік блогер және 12 жетекші малайзиялық туроператор.

Іс-шараның құрметіне Алматы халықаралық әуежайында ашылу салтанаты өтті.

«Алматыны көпжақты халықаралық ынтымақтастықтың өңірлік орталығы деп атауға болады. Тікелей әуе қатынасының ашылуы Алматыға шетелдік туристердің жаңа ағынын тартуға, сондай-ақ Малайзиямен және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен мәдени-экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді», - деді Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Токсейітова құттықтау сөзінде.

Өз кезегінде малайзиялық авиакомпанияның өкілі Датук Камарудин сауда, коммерциялық және білім алмасу үшін тікелей рейсті іске қосудың маңыздылығын атап өтті.

Air Asia Х авиакомпаниясының рейстері аптасына 4 рейс жиілігімен әр сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі Airbus жайлы әуе кемелерінде орындалады. Алматыдан Куала-Лумпурға ұшу ұзақтығы 6 сағат 55 минутты құрайды.