Ағымдағы жылдың 30 және 31 қаңтарында Ханьхоа провинциясы партия комитетінің хатшысы бастаған Вьетнамдық делегациямен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 30 және 31 қаңтарында Ханьхоа провинциясы партия комитетінің хатшысы бастаған Вьетнамдық делегациямен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында делегация мен Алматы қаласы әкімдігінің өкілдерінің ресми кездесуі ұйымдастырылды.

Олардың іскерлік сапарын қорытындылай келе:

 

✅ Екі жақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады;

✅ Ханьхоа провинциясының өнеркәсіп және сауда мүмкіндіктерін қарастырды.

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Қазақстандағы Ханьхоа провинциясының туризм мен сауданы ілгерілету бойынша ауқымды конференция өтті, оған Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, Алматы қаласы туроператорлары мен бизнесінің өкілдері қатысты.

 

Өткен жылы біздің елдеріміз дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды, содан бері біздің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз күшейе түсті 🤝

 

Өткен жылдың 9 айында қалаға Вьетнамнан 1,5 мыңға жуық турист келді.