Туриндустрия өкілдері мен қала қонақтарын KITF 2024 Алматы стендіне келуге шақырамыз

Туриндустрия өкілдері мен қала қонақтарын KITF 2024 Алматы стендіне келуге шақырамыз

Әр көктемде Алматыда Орталық Азиядағы туризм бойынша ең ірі кәсіби алаң және еліміздің туротраласының басты оқиғасы болып табылатын KITF «Туризм және саяхат» көрмесі өтеді.

 

Жыл сайын көрмеге өз дестинацияларын көрсете отырып, бейінді халықаралық компаниялар қатысады, ал Қазақстанның оңтүстік астанасының әлеуетін Алматы қаласы Туризм басқармасы Алматы қаласының жеке стендімен таныстырады.

 

Алматы - таулардың етегіндегі мегаполис, туристерді демалыс орындарының алуан түрлілігімен тартады. Алматының басты артықшылығы - таулар қала орталығынан 20 минуттық қашықтықта орналасқаны.

Алматы қаласы Туризм басқармасының жұмысында таулы, оқиғалы, мәдени және спорттық туризм сияқты көптеген туристік бағыттарға баса назар аудара отырып, барлық маусымдық туристік дестинация (4Seasons) ретінде Алматының бейнесін қалыптастыруға бас назар аударылады. Біз сондай-ақ MICE туризмін (іскерлік) белсенді дамытып жатырмыз, себебі Алматыда өңірлік және халықаралық ауқымдағы көрмелер, конференциялар мен съездер үнемі өткізіліп тұрады.

 

Алматы қаласының Туризм басқармасы және KITF көрмесін ұйымдастырушы Iteca компаниясы сізді кез келген күнде көрмеге, Алматы стендіне, сондай-ақ бай іскерлік бағдарламаға қатысуға шақырады.

 

Күні мен уақыты:24, 25 сәуір сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін

                            26 сәуір сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін

Мекен-жайы: «Атакент» КІЫО, Тимирязев к-сі, 42, Алматы қ., Қазақстан.