Алматыдағы қонақ үй инфрақұрылымының жағдайы бойынша

Алматыдағы қонақ үй инфрақұрылымының жағдайы бойынша

Алматы еліміздің ірі іскерлік және туристік орталығы ретіндегі мәртебесін көрсете отырып, қонақ үй инфрақұрылымының саны мен сапасы бойынша Қазақстанда көш бастап тұр. Оңтүстік астана Қазақстандағы санатталған қонақүйлер саны бойынша көшбасшы болып қала береді.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мегаполисте 345 орналастыру орны жұмыс істейді. Олардың ішінде:

5 * - 7 қонақ үй (үлесі - 2%),

4* - 19 қонақ үй (үлесі - 5,5%),

3 * - 5 қонақ үй (үлесі - 1,4%),

санатсыз - 188 қонақ үй (үлесі - 54,5%),

басқа типтегі (пансионаттар, лагерьлер және т.б.) - 126 нысан, (үлесі – 36,5%).

Жалпы, Алматы қаласының нөмірлік қоры – 11 454 бірлікті құрайды, қонақ үй нысандарының біржолғы сыйымдылығы 21,8 мың төсек-орыннан асады.

2023 жылда жеке инвестициялар есебінен 4 нысан ашылды:

- "Qazaq Auyl" мейрамханалық кешені бар эко-қонақ үй (16 үй),

- "Grand Mildom" қонақ үйі (112 бөлме),

- "Medeu camp" (13 маусымдық глэмпинг)

- "Dami hotel" (20 бөлме).

Сондай-ақ, Алматы қаласының туризм басқармасы шетелдік туристер ағынын арттыру және орналастыру орындарын ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыратынын атап өтеміз.