Алматыда «Табиғатта қоқыс жоқ!» қоғамдық акция шеңберінде экологиялық сенбілік өтеді

Алматыда «Табиғатта қоқыс жоқ!» қоғамдық акция шеңберінде экологиялық сенбілік өтеді

8 қазанда Мемлекет басшысы жариялаған «Қоқыссыз таза табиғат!» акциясы шеңберінде Алматыда жаппай экологиялық сенбілік өтеді.

Алматы әкімдігі қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын акцияға қосылуға және табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға шақырады.

 

Акция Үлкен және Кіші Алматы шатқалындағы ең танымал туристік орындарды қамтиды:

1) Бутаковка шатқалы-орманшы үйінен «Бутаковка» төменгі сарқырамасына дейін;

2) Ақбұлақ – Көк Жайлау – «Ақбұлақ» аялдамасынан Көк Жайлау үстіртіне дейін;

3) Казачка шатқалы Казачкадағы жабық шлагбаумнан Көк Жайлау үстіртіне дейін;

4) Кімасар шатқалы – қараусыз қалған үйден Кімасар шатқалындағы кемпинг аймағына дейін;

5) Проходное шатқалы – тас аялдамадан «Девичьи слезы» сарқырамасына дейін.

 

Акция табиғатқа саналы, ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған.

Бастамаға қоғамдық ұйымдар, азаматтық белсенділер, студенттер және қала еріктілері қосылады деп күтілуде.

Барлық қатысушыларға қажетті мүкәммал және сумен түскі асберіледі, қаладан трансферттер ұйымдастырылады.

 

Жинау күні мен уақыты:

8 қазан, 7: 45-8:00

 

Ұйымдастырылған шығу үшін жинау нүктелері:

  1. Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы – Visit Almaty

https://2gis.kz/almaty/geo/70000001034578971

  1. «Қазақстан» Қонақ Үйі Қазақстан қонақ үйінің тұрағы

https://2gis.kz/almaty/geo/9430468281762225/76.957053244113922,43.244718178437886

  1. Тұңғыш Президент саябағы Visit Almaty

https://2gis.kz/almaty/geo/70000001064215126

 

Анықтама үшін байланыс:

+7 777 756 6193, Айбол Мұратхан, Алматы қаласы Туризм басқармасының инфрақұрылымдық даму бөлімінің басшысы;

+7 777 000 7720, Бауыржан Пазылхайыр, «Туристік ақпараттық орталық» ЖШС директорының орынбасары