«Almaty Mount Fest» фестивалі 2022 жылдың 2-5 қыркүйек аралығында өтеді

«Almaty Mount Fest» фестивалі 2022 жылдың 2-5 қыркүйек аралығында өтеді

«Almaty Mount Fest» фестивалі биыл төртінші рет 2-5 қыркүйек аралығында өткізіледі. Дәстүрлі шара тау спортымен айналысатын кәсіпқойлар мен әуесқойларға және салауатты өмір салтын ұстанатын жандарға арналған.

Фестиваль аясында өтіп жатқан көптеген іс-шара спорт пен пайдалы демалысты дәріптеуге, алыс-жақын шетелдік және қазақстандық туристерді Алматыға тартуға, халықаралық туризм нарығында оңтүстік астананың орны мен беделін нығайтуға бағытталады.

Шараның ұйымдастырушысы - Алматы қаласының Туризм басқармасы.

Фестивальға кіру тегін, бірақ алдын ала жазылу қажет. Тіркелген қатысушылар мен спортшылар үшін фестиваль өтетін күндері Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аспалы жолмен бір реттік көтеріліп-түсу де тегін болады.

Іс-шараға қатысу үшін www.mountfest.kz сайтында сұраныс жібере аласыз.