Безгек туралы ақпарат

Безгек туралы ақпарат

Безгек – көптеген тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған өмірге қауіпті ауру. Қазіргі уақытта жыл сайын 125 миллионнан астам халықаралық саяхатшылар келетін 91 ел мен аумақта безгектің таралу қаупі бар. Жыл сайын көптеген халықаралық саяхатшылар безгекпен ауыратын елдерге/аумақтарға барған кезде және 10 000-нан астам адам елге оралған кезде безгекпен ауырады.2019-2021 жылдары Алматы қаласында сырттан әкелінген безгектің 2 жағдайы, 2022 жылдың басынан бері безгектің 1 жағдайы тіркелді. Безгектің барлық жағдайлары Африка елдерінен әкелінді.

      Безгекті Plasmodium қарапайым паразиті тудырады. Адам безгегі бес түрлі Plasmodium түрінен туындайды: P. falciparum, P. malariae, P. ovale, P. Vivax и P.knowlesi. Олардың ішінде P. Falciparum және P. Vivax жиі кездеседі, ал P. Falciparum ең қауіпті, ауршаңдық пен өлім-жітім деңгейі ең жоғары.

Безгек – қызба ұстамаларымен, анемиямен, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюымен сипатталатын паразиттік тропикалық ауру. Безгек ауру адамнан сау адамға аналық масаның шағуы арқылы беріледі. Сонымен қатар, безгекпен ауырған науқас донорынан қан құю арқылы, жатырда анадан ұрыққа берілуі мүмкін. Паразитердің дамуының инкубациялық кезеңі безгектің түріне байланысты жеті күннен үш жылға дейін ауытқиды, тропиктік безгекте инкубациялық кезең қысқа. Ауру жалпы интоксикациялық белгілерінен басталады (әлсіздік, шаршау, қатты бас ауруы, салқындау). Содан кейін қайталанатын қызба ұстамалары пайда болады, дене қызуы 40 градусқа дейін немесе одан да жоғары көтеріледі, бірнеше сағатқа созылады және ұстаманың соңында қалтыраумен және қатты терлеумен бірге жүреді. Егер аталған белгілер нақты белгіленген уақытта- күн сайын (әрбір күн немесе екі күн) болса –безгек ауруы туралы ойлану керек.

      Кішкентай балалар, жүкті әйелдер, иммунитеті төмен адамдар және егде жастағы саяхатшылар ауру қаупіне көбірек ұшырайды. Безгек, әсіресе P. Falciparum иммунитеті жоқ жүкті саяхатшыларда ана өлімі, түсік түсіру, өлі туылу және жаңа туған нәрестелер өлімі қаупін арттырады.

Безгек паразиттері науқас адамның қанында кездеседі және қан препаратын микроскоппен зерттегенде ғана анықталуы мүмкін. Бұл қауіпті ауруды емдеу патогеннің түрін және оның химиотерапиялық препараттарға сезімталдығын ескере отырып жүзеге асырылады.

      Ауруды емдеуден гөрі алдын алу оңайырақ екені белгілі, сондықтан эндемиялық елдерге кетуден бір апта бұрын безгекке қарсы препаратты үнемі қабылдауды бастау керек. Оны эндемиялық елдерде болған бүкіл кезең ішінде және үйге оралғаннан кейін бір ай  бойы қабылдауды жалғастыру қажет. Дәрі-дәрмекті таңдау тұрғылықты елге байланысты, ал оның дозасын дәрігер анықтайды.

      Сондай-ақ, безгек ауруы бойынша қолайсыз елдерде болған кезде сіз өзіңізді масалардың шағуынан қорғануыңыз керек. Тұрғын үй-жайлардағы есіктер мен терезе саңылаулары москит торларымен жабылуы керек. Бөлмеге масалардың кіруіне жол бермеу үшін, егер тор болмаса, түнде терезелер мен есіктерді жабу керек. Ұйықтар алдында шатырдың тұтастығын және оның ішінде маслардың жоқтығын тексеріңіз. Сонымен бірге:

- маса шаққан кезде жеке қорғаныс құралдарын (спрейлер, кремдер, майлар, гельдер) -  репелленттерді қолданыңыз, оларды дененің ашық жерлеріне жағу керек. Олармен киімдерді, москит торларын сіңдіруге болады;

- үй-жайларда аэрозольдар мен фумигаторлардың инсектицидтерін, масаларды үркітетін ультрадыбыстық құрылғыларды қолданыңыз;

- мүмкіндігінше денені жабатын киімкиіңіз (ұзын жең және шалбар), әсіресе кеш пен таң мезгілі арасында.

      Безгек ауруы бойынша қолайсыз елден туан елге оралғаннан кейін 3 жыл ішінде дене қызуы көтерілген сайындереу медициналық ұйымға хабарласып, тропиктік аймақта болғаныңызды дәрігерге хабарлау керек екенін есте ұстаған жөн.

      Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына алдын ала қамқорлық жасаңыз!

Безгек ауруы бойынша қолайсыз эндемиялық елдер (ДДҰ мәліметі бойынша):

Алжир*

Ангола

Аргентина*

Азербайджан*

Бангладеш

Белиз

Бенин

Бутан

Боливия, Многонациональное Государство Ботсвана

Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Камбоджа Камерун Кабо-Верде

Центральноафриканская Республика Чад

Китай

Колумбия Коморские острова

Конго

Конго, Демократическая Республика Коста-Рика

Берег Слоновой Кости

Джибути

Доминиканская Республика Эквадор

Египет

Сальвадор Экваториальная Гвинея Эритрея

Эфиопия

Французская Гвиана.

Габон Гамбия Грузия* Гана Греция* Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гайана

Гаити

Гондурас

Индия

Индонезия

Иран, Исламская Республика Ирак*

Кения

Корея, Народно-Демократическая Республика*

Республика Корея* Кыргызстан*

Лаосская Народно-Демократическая Республика

Либерия

Мадагаскар

Малави

Малайзия

 

Мали

Мавритания

Майотта

Мексика Мозамбик Мьянма

Намибия Непал Никарагуа Нигер Нигерия

Оман Пакистан

Панама

Папуа-Новая Гвинея Парагвай*

Перу

Филиппины

Российская Федерация* Руанда

Сан-Томе и Принсипи Саудовская Аравия

Сенегал

Сьерра-Леоне

Соломоновы Острова Сомали

Южная Африка

Судан Южный Судан

Суринам

Свазиленд

Сирийская Арабская Республика*

Таджикистан

Таиланд

Тимор-Лешти

Идти

Турция*

Уганда

Объединенная Республика Танзания Узбекистан*

Вануату

Венесуэла, Боливарианская Республика Вьетнам Йемен Замбия Зимбабве.