Б. Сағынтаев «Qazaq Auyl» экокешені құрылысының барысымен танысты

Б. Сағынтаев «Qazaq Auyl» экокешені құрылысының барысымен танысты

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев басты мақсаты экологиялық туризмді дамыту болып табылатын Qazaq Auyl кешенінің құрылыс барысын қарап шықты.

Qazaq Auyl глэмпинг экокешені ұлттық стильде Ким-Асар шатқалында салынуда. Оған мейрамхана, 15 қонақ үй және іс-шараларға арналған амфитеатр кіреді. Жоба бойынша мейрамхананы Medeu Park Hotel қонақ үй-тұрғын үй кешенімен және визит-орталығымен қосу көзделген. Визит-орталық үшін ақпараттық қызметтер көрсетілетін және туристік жабдықтар сатылатын жеке үй-жай қарастырылған.

Qazaq Auyl жалпы ауданы - 1,3 га, үй – жайлардың ауданы-850 ш.м. 20 жұмыс орны құрылатын экокешенді 2022 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Жоба экологиялық туризмді дамытуды ескере отырып әзірленді, бұл жалпы абаттандыруда, учаскенің жоспарлау құрылымында және кешен құрылымын құрайтын объектілердің композициялық шешімінде көрініс тапты.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, Төтенше жағдайлар туындаған кезде адамдарды күзету, эвакуациялау және құтқару үшін мамандандырылған автокөліктің қолжетімділігі көзделген.