Мүгедек балалар мен ересектерге (аз қамтылған отбасылардан шыққан)тақырыптық экскурсиялар өткізу

Мүгедек балалар мен ересектерге (аз қамтылған отбасылардан шыққан)тақырыптық экскурсиялар өткізу

Мүмкіндігі шектеулі 200 ересек және 100 бала және аз қамтылған отбасылардан шыққан 200 бала үшін Алматының көрікті жерлеріне экскурсия жүргізілді.
23-25 маусым аралығында Алматы қаласы Туризм басқармасы және Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасымен бірлесіп Алматы қаласы және Алматы агломерациясында ересектер мен мүмкіндігі шектеулі балалар және аз қамтылған отбасы балаларына экскурсиялар өткізуде.
Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау үшін экскурсияға қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, Ботаникалық баққа, қалалық хайуанаттар бағына және "Шымбұлақ" тау курортына барды. Оларға командалық рухты дамытуға бағытталған іс-шаралар және шебер-класстар өткізілді, балаларға өте ұнады. Аталған іс-шара әлеуметтік туризмді қолдау аясында өткізілуде.