16 гид Алматы қаласы Туризм басқармасының ұсынылған тізбесіне кіреді

16 гид Алматы қаласы Туризм басқармасының ұсынылған тізбесіне кіреді

2021 жылғы 16 сәуірде Алматы қаласы Туризм басқармасының алаңында ұсынылған гидтер (гид - аудармашылар) мен экскурсоводтарды іріктеу аяқталды.

Конкурстық комиссия салалық қоғамдық ұйымдар, білім беру мекемелері атынан, сондай-ақ қаланың тәжірибелі гидтері Алматы қаласы және Алматы облысының туристік объектілеріне рұқсатнаманы қамтамасыз ететін «Recommended guide by Visit Almaty» бейджін алатын 16 маманды іріктеп алды.

Естеріңізге сала кетейік, байқау 2021 жылдың 4 наурызы мен 5 сәуірі аралығында өтті. Комиссия Алматы қаласының ұсынылған гидтерін (гид - аудармашыларын) және экскурсоводтарын таңдау бойынша Конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес ұсынылған конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін бағалады. Конкурсқа қатысуға барлығы 39 өтінім берілді.

Алматыда мұндай жоба алғаш рет өткізіліп отыр және гидтердің қызметін реттеуге, гидтер ұсынатын қызметтердің сапасын арттыруға, жұмыс орындарын құруға, Алматы қаласының қолайлы туристік беделін қалыптастыруға бағытталған және гидтер мен экскурсоводтар мамандықтарының әлеуметтік мәні мен маңыздылығын көтеруге арналған.

Алматы қаласының ұсынылған гидтерінің (гид-аудармашыларының) және экскурсоводтарының тізбесі Алматы қаласы Туризм басқармасының ресми парақшасында және Visit Almaty Туристік ақпараттық орталығының сайтында жарияланатын болады.

Байқау жеңімпаздарының тізімі:

  1. Жанар Ғабитқызы Ғабит
  2. Сергей Петрович Лукашенко
  3. Евгений Сергеевич Семенюк
  4. Айдын Нұрдәулетұлы Ақыш
  5. Полина Сергеевна Щербатова
  6. Шыңғыс Кеңесбайұлы Шуланбаев
  7. Елена Ивановна Кубашева
  8. Кирил Николаевич Скоробогатов
  9. Сергей Сергеевич Дрозд
  10. Дмитрий Николаевич Моторыкин
  11. Кирилл Владимирович Гарин
  12. Светлана Равильевна Галимова
  13. Мария Бекжанқызы Рахманова
  14. Анастасия Викторовна Величко
  15. Светлана Валерьевна Алферова
  16. Әйгерім Өмірғалиқызы Болысбаева