Алматы қаласы Туризм басқармасы 5 сәуірге дейін Алматы қаласының ұсынылған гидтерін (гид-аудармашылар) және экскурсоводтарын таңдау бойынша конкурсқа өтінімдерді қабылдауды ұзартады

Алматы қаласы Туризм басқармасы 5 сәуірге дейін Алматы қаласының ұсынылған гидтерін (гид-аудармашылар) және экскурсоводтарын таңдау бойынша конкурсқа өтінімдерді қабылдауды ұзартады

Бұған дейін байқау 2021 жылы 4 наурызда жарияланған болатын. Байқауға Алматы қаласының барлық қызығушылық танытқан гидтері және экскурсоводтары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу және өтінім беру туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының www.gov.kz/memleket/entities/almaty-tourism ресми парақшасында, Туристік ақпараттық орталықтың VisitAlmaty.kz сайтында немесе +7 (727) 394-86-73, +7 705 777 44 46 нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы біле аласыз.