Алматы қаласы Туризм басқармасы Алматы қаласының ұсынылған гидтерін (гид-аудармашыларын) және экскурсоводтарын таңдау жөніндегі конкурсты бастайды

Алматы қаласы Туризм басқармасы Алматы қаласының ұсынылған гидтерін (гид-аудармашыларын) және экскурсоводтарын таңдау жөніндегі конкурсты бастайды

Конкурс шетелдік туристерге біздің қала туралы алғашқы әсер қалдыратын гидтер (гид-аудармашылар) мен экскурсоводтардың кәсіби құзыреттерін арттыруға арналған. Алматы қаласының Туризм басқармасы Алматы қаласының қолайлы туристік беделі мәселелерін жүйелі және толыққандыпысықтауға ниетті.

Байқауға қаланың барлық гидтері және экскурсоводтары қатыса алады.

Байқау2021 жылы 4 наурызда басталып және үш кезеңде өтетін болады:

  • I кезең «Конкурстық өтінімдерді қабылдау» - 2021 жылғы 19наурызғадейін.
  • II кезең «Конкурстық комиссияның құжаттарын қарау» - 2021 жылғы 5 сәуірге дейін.
  • ІІІ кезең «Recommended guide byVisitAlmaty» бейдждерін беру» - 2021 жылғы 16 сәуірге дейін.

Қатысу үшін төменде немесе VisitAlmaty.kz сайтында орналастырылған Конкурстық құжаттамамен танысуыңыз қажет.

Құжаттарды Сіз Visitalmaty.kz сайтында электрондық нысанда бере аласыз.

Тіркелу үшін https://visitalmaty.kz/ru/Read/podacha-zayavki-na-konkurs-gidov-i-ekskursovodov сілтеме бойынша өтіп, нысанды толтырыңыз, тиісті құжаттарды PDF форматында тіркеңіз. Жауап хатында Сіз тіркеу нөмірін аласыз. Конкурстық комиссия 10 жұмыс күні ішінде Сіздің құжаттарыңызды қарайды. Конкурстық комиссия шешімінің қорытындысы бойынша 2021 жылғы 5 сәуірден бастап 10 жұмыс күні ішінде Туризм басқармасы конкурстан өткен гидтерге «Recommended guide by VisitAlmaty» бейджін береді.

Сондай-ақ, құжаттарды заңды мекен-жайы бойынша қағаз түрінде 050040, Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, 9 қабат, №911 кабинетке жібере аласыз.

«Recommended guide by VisitAlmaty» бейджі Алматы қаласы және Алматы облысының туристік объектілеріне рұқсаттаманы қамтамасыз етеді. Гидтердің тізбесі Алматы қаласы Туризм басқармасының ресми парақшасында және Туристік ақпараттық орталықтың VisitAlmaty.kz сайтында жарияланады.

Сұрақтар бойынша +7 (727) 394-86-73, +7 (705) 777-44-46.

 

Жоба үйлестірушісі:

Дилара Изенай,

Алматы қаласы Туризм басқармасының

туризмді ілгерілету бөлімінің бас маманы