АЛМАТЫҒА «ОРЕЛ И РЕШКА» ҚАЙТА ОРАЛДЫ

АЛМАТЫҒА «ОРЕЛ И РЕШКА» ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Көптеген адамдар танымал «Орел и Решка» телешоуын біледі.  Бағдарламаға сәйкес екі тележүргізуші демалыс күндерін әлемнің әйгілі қалаларының бірінде өткізеді.

Сонымен,  жақын күндері  «Орел и Решка»  Алматы  жайлы бағдарламасын қайта шығарды.

Бағдарлама жүргізушілері Настя Ивлеева мен Юлия Коваль Алматыда болған кезінде В.Цойдың ескерткішін, Астана алаңын аралап, ҚБТУ ғимаратымен (бұрынғы Үкімет үйі), көркем қабырға суреттерімен танысты. Көк-Төбе саябағында болып, «Абай» мейрамханасының ұлттық тағамдары мен Алматы көшелеріндегі қазақтың фастфудтарының дәмін татты.

Сондай-ақ, қонақтар таудағы «Ой-Қарағай Лесная Сказка» курортында (ұзындығы 18 соқпақ) шаңғы теуіп, Асы үстіртінде жол талғамайтын көліктермен жүріп, Алма-Арасан шатқалындағы емдік термалды бұлаққа шомылды.

Қонақтар тікұшақпен Іле Алатауының Тянь-Шань тауларының солтүстік жотасы арқылы ұшып,  1500 м биіктікке әуе шарымен ұшты.

«Орел и Решка» бағдарламасының ТМД елдері арасында танымал болуын ескере отырып,  бұл бағдарлама қаланың қысқы демалыс үшін кең мүмкіндіктері бар тартымды туристік бағыт ретінде танылуын арттырады деген сенімдеміз.