«Медеу - коньки спортының Меккесі»

«Медеу - коньки спортының Меккесі»

Норвегиялық журналист, блогер Пол Стейган қаламыздың басты туристік орындарының біріне осылайша баға берді. Стейганның бұл интернет-басылымы тек Норвегияда ғана емес, сонымен бірге көршілес Ресей мен ағылшын тілді елдерде де өте танымал. Сондықтан оның норвег тіліндегі жарияланымдары көрші елдердің тілдеріне аударылады.

2021 жылы қаламызға келген алғашқы шетелдік туристердің бірі, сондай-ақ норвегиялық «steigan.no»  басылымына қызмет ететін Пол Стейган Кнут-Эрик Аагард үшін қаланың «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешені, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы және «Qazaq Oner» қолөнершілер орталығы сияқты көрікті жерлеріне ақпараттық-тур ұйымдастырылды.

Журналист Кнут-Эрик Аагард ХХ ғасырдың 70-80 жылдары өз отандастары Стен Стенсен, Кай Арне Стенсхемет, Ян Эгиль Стурхольт және Амунд Шебренд (норвегиялық конькишілері, Олимпиада чемпиондары, әлем және Еуропа чемпиондары, әлем рекордшылары) әлемдік рекордтар орнатқан биік таудағы «Медеу» мұз айдынында өткен ғасырдың 50-ші жылдарындағы конькимен сырғанау мүмкіндігіне ие болды.

 «Норвегия мен Қазақстан – көрші мемлекеттер, біздің арамызда бір ғана ел (Ресей) бар», – деп журналистер атап өтті.

Осылайша, норвегиялықтардың қаламыздың ағымдағы жағдайы туралы хабары көп болмаса да, осының өзі оларды өте қызықтырғаны анық болды. Қонақтарымыздың  отандастарының көпшілігі қаламыз туралы тек мектеп оқулықтарынан ғана білетіні біз үшін жаңалық болды.