Туристік полицияның қызметі

Туристік полицияның қызметі

2020 жылғы 19 қарашада «Медеу» биік таулы спорт кешені қыстық маусымының ашылуы өтті. Жаңа маусым ашылған сәттен бастап «Медеу» БТСК-да оңтүстік астананың қонақтары және тұрғындарының ағыны көбейді. Өткен жылғы қысқы маусымда «Медеу» БТСК-ға және «Шымбұлақ» ТК-на барлығы 1 млн.адам келгенін атап өту керек. Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруі келушілердің белгіленген санитарлық нормаларды және Алматының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ережелерін сақтауларды талап етіледі.
Аталған нысандарда тұрғындардың және қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының әкімдігі Туристік полициямен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Сізден бетперде киюді және әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұмытпауыңызды сұраймыз.