Алматы әкімі Дархан Сатыбалды төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте қаланың креативті экономикасын дамыту шаралары қаралды.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте қаланың креативті экономикасын дамыту шаралары қаралды.

Алматыда креативті индустриялар саласында 21,5 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке түскен салық түсімдері 49,4 млрд теңгені құрады, ал негізгі капиталға салынған инвестициялар 4,5 есеге артып, 64,9 млрд теңгеге жетті.

Алдағы кезеңдегі негізгі міндеттердің бірі – креативті индустриялардың толыққанды экожүйесін қалыптастыру. Бұл бағытта креативті хабтарды дамыту, мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, білім беру бастамаларын іске асыру және IT, кино, сәулет, дизайн, сән, музыка секілді бағыттардағы кәсіпкерлікті дамытуға арналған қаржыландыру тетіктерін қалыптастыру көзделіп отыр.

Сонымен қатар, креативті индустрияларды қолдаудың жаңа тетіктері пысықталуда. Атап айтқанда, сала субъектілері үшін салықтық жеңілдіктер енгізу, шетелдік киножобаларды тартуға бағытталған кинорибейт жүйесін дамыту және креативті индустриялар бағыттарының тізбесін кеңейту жоспарлануда.