
Алматыда Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясының мәдениет және туризм күндері өтті. Іс-шара аясында провинция Коммунистік партиясы комитетінің хатшысы Синь Чансин бастаған ресми делегация қалаға арнайы сапармен келді.
Бағдарлама барысында шығармашылық ұжымдардың концерттік қойылымдары ұйымдастырылып, материалдық емес мәдени мұра көрмесі, сондай-ақ Цзянсу провинциясының туристік әлеуеті мен заманауи жетістіктерінің таныстырылымы өтті.
Сонымен қатар Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен өткен кездесуде туризм, мәдениет, инвестиция және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Қытай Алматы үшін негізгі туристік нарықтардың бірі болып қала береді. 2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Қытайдан Алматыға келген туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артып, 23 890 адамды құрады.
Мұндай іс-шаралар Алматы мен Қытай өңірлері арасындағы мәдени және туристік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ өзара ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.