
Көрме аясында халықаралық туроператорлармен, әуе компанияларымен және туристік платформалармен кездесулер өтіп, Алматының мәдени, гастрономиялық және тау туризмі бағыттары таныстырылды. Нәтижесінде ынтымақтастық туралы 5 меморандумға қол қойылды.
ITB China 2026 – Алматы биыл қатысып отырған үшінші халықаралық туристік көрме. Жалпы 2026 жылы қала туристік әлеуетін тоғыз халықаралық алаң мен роуд-шоу аясында таныстыруды жоспарлап отыр.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қытай Алматыға келетін туристер саны бойынша Ресейден кейін екінші орынға шықты. ҚХР-дан қалаға 136,4 мың турист келген.