
2026 жылғы 22 мамырда Алматы қаласы Туризм басқармасына мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен кеңес өтті, оны Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ахетов Мамай Қаниұлы өткізді.
Кеңес барысында мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы рөлін арттыру, Әдеп кодексінің талаптарын, Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларын сақтау, сондай-ақ функционалдық міндеттерді орындау кезінде лауазымдық нұсқаулықтарды қатаң орындау мәселелері егжей-тегжейлі қаралды. Қызметтік тәртіпті нығайту, Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі және жұмыс орнында да, одан тыс жерлерде де жоғары мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңеске қатысушыларға мемлекеттік қызметші әрқашан заңдылық, парасаттылық, әділдік және кәсіби этика қағидаттарын ұстануға тиіс екендігі түсіндірілді. Әріптестердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын жеке және кәсіби қасиеттерін талқылауға жол бермеу қажеттілігі, сондай-ақ қызметтен тыс уақытта қызметтік әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығы жеке атап өтілді.
Кездесу аясында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заңнамада белгіленген талаптар мен ережелерді қатаң сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Әрбір мемлекеттік қызметші өз іс-әрекеттері үшін дербес жауапкершілікті сезінуге және қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға міндетті екендігі атап өтілді.
Сонымен қатар, Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру барысында қоғамда алаңдаушылық туғызатын өзекті мәселелер, оның ішінде ойынға тәуелділік (лудомания) мәселесі қозғалды. Сондай-ақ, Дін мәселелері талқыланды, онда мемлекеттік қызметшілерге басқа азаматтардың діни сенімдеріне құрмет көрсету, толеранттылықты сақтау және осы негізде жанжалды жағдайлардың туындауына жол бермеу ұсынылды.
Кибер алаяқтық, дербес деректерді қорғау және Интернет желісіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Цифрландырудың қазіргі жағдайында бұл мәселелер мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметінде ерекше өзектілікке ие болатыны атап өтілді.
Сонымен қатар, кеңес барысында мемлекеттік қызмет саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері талқыланды. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, жұмыс процестерін оңтайландыру, халықпен кері байланысты жетілдіру және цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану үшін заманауи цифрлық шешімдердің маңызы атап өтілді. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілерге ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау, сондай-ақ кәсіби қызметте жасанды интеллект құралдарын жауапты және заңды пайдалану қажеттілігі түсіндірілді.
Кеңес барысында мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілерде мінез-құлық нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін және теріс қоғамдық резонанс туғызатын арандатушылық фото -, видео - және өзге де материалдарды орналастырмау қажеттігі атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы талаптарын және Әдеп кодексінің нормаларын сақтауын бақылауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Кеңес аяқталғаннан кейін Ахетов Мамай Қаниұлы мемлекеттік қызметшілер мен аудан тұрғындарының жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында Әдеп жөніндегі уәкіл қызметкерлердің өзекті және толғандыратын сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді. Сонымен қатар, тұрғындардың бірі Алатау ауданы әкімі аппаратының бейінді бөлімдерінің қызметкерлеріне адал жұмысы, жедел және сапалы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін алғысын білдірді.