«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің (кетуінің) және олардың Қазақстан Республикасында болуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 220 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2020 ж., № 12-13,
115-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы
№ 148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29,
388-құжат) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 17-тармағының қолданылуы
2021 жылғы 1 мамырға дейін тоқтатыла тұрсын.»;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы
№ 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы
27 қаңтардағы № 10 қаулысында («Егемен Қазақстан» газетінде 2020 жылғы 28 қаңтарда жарияланған):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасына келудің, онда болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29,
388-құжат) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы
2020 жылғы 31 желтоқсандағы сағат 23:59 дейін тоқтатыла тұрсын.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин