Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері ҚХР Цзянсу провинциясы Сыртқы істер жөніндегі канцеляриясы директорының орынбасары Цзинь Шанцзюнь бастаған делегациямен кездесу өткізді.

Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері ҚХР Цзянсу провинциясы Сыртқы істер жөніндегі канцеляриясы директорының орынбасары Цзинь Шанцзюнь бастаған делегациямен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, Алматы қаласының алдағы халықаралық іс-шараларға қатысуына ерекше назар аударылды. Соның ішінде Цзянсу провинциясының қалада өтетін мәдени апталығының ашылу салтанаты, сондай-ақ қазан айында Нанкин қаласында өтетін Қытай мен Орталық Азия ынтымақтастығы жөніндегі 13-ші форум қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар туризм және мәдени алмасу салаларындағы әріптестікті нығайтуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілік танытты.