
Туризм қала экономикасына қосқан үлесін арттыра беріп, негізгі қаржылық көрсеткіштердің өсуін көрсетті.
2025 жылы көрсетілген туристік қызметтердің көлемі 15,2%-ға өсіп, 110,9 млрд теңгеге жетті.
Саланың жалпы инвестициясы 198,8 млрд теңгені құрап, 39,4%-ға артты. Ең үлкен инвестициялар қалааралық жолаушылар теміржол көлігіне, өнер, ойын-сауық және демалыс салаларына, құрлықтық және әуе жолаушылар көлігіне, қонақүй мен тамақтану қызметтеріне, сондай-ақ жеңіл автокөліктерді жалға беру және лизинг салаларына бағытталды.
2025 жылғы туризм саласындағы салық түсімдері 27,2%-ға өсіп, 84 млрд теңгеге жетті. Негізгі үлес қоғамдық тамақтану, спорт, демалыс және ойын-сауық салаларына, сондай-ақ уақытша орналастыру секторына тиесілі болды.
Инфрақұрылымды дамыту, халықаралық әуе қатынастарын кеңейту және қызмет көрсету сапасын арттыру саланы одан әрі дамытуға ықпал етіп, Алматыға туристер мен халықаралық нарықтардың қызығушылығын арттыруда.