Бельгиялық Porschist журналы Қазақстанға арналған арнайы шығарылымын ұсынды.

Бельгиялық Porschist журналы Қазақстанға арналған арнайы шығарылымын ұсынды.

Басылымда Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Байқоңыр қалалары қамтылып, әрқайсысы өзіндік тарихы мен мәдениеті бар туристік бағыт ретінде таныстырылған.

Алматы Іле Алатауының баурайында орналасқан серпінді мегаполис ретінде сипатталады. Қала сәулет кезеңдерінің үйлесімімен, дамыған гастрономиялық мәдениетімен және креативті ортасымен ерекшеленеді. Басылымда Республика алаңы мен Тәуелсіздік монументі, Вознесенск кафедралдық соборы, Көктөбеден ашылатын панорамалық көріністер, сондай-ақ Жауме Пленсаның «Надэс» мүсіні назарға алынған.

Аталған жариялыным Қазақстанның халықаралық медиа кеңістіктегі беделін арттырып, Алматының Орталық Азиядағы заманауи туристік орталық ретіндегі позициясын нығайта түседі.

Түсірілімдер 2025 жылдың жазында Almaty Tourism Bureau қолдауымен өтті.