
Форумда Алматы Қазақстандағы шығармашылық экономиканың дамыған орталығы ретінде таныстырылып, мәдени жобаларды қолдау мен халықаралық әріптестік мүмкіндіктері ұсынылды. Қала тәжірибесі мәдени туризмді дамыту және креативті өнімдерді халықаралық нарықтарға шығару бағыттары бойынша ерекше қызығушылық тудырды.
Іс-шара барысында қатысушылар қолөнер, шығармашылық кәсіпкерлік және мәдени алмасу саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, сондай-ақ Алматының қатысуымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты нығайтуға және Алматының өңірдегі креативті әрі мәдени орталық ретіндегі рөлін арттыруға өзара дайындықтарын растады.