OTM Mumbai 2026: Алматы қаласы халықаралық деңгейде қала туризмінің көшбасшысы ретінде танылды

OTM Mumbai 2026: Алматы қаласы халықаралық деңгейде қала туризмінің көшбасшысы ретінде танылды

Алматы қаласы Азиядағы ең ірі халықаралық туристік көрмелердің бірі – OTM Mumbai 2026 шарасына қатысып, әлемдік туристік индустрияның негізгі өкілдерін біріктірді. Көрмеге туроператорлар, әуе компаниялары, қонақүй брендтері және ұлттық туристік офис өкілдері қатысты.

Алматы қаласы өзінің заманауи келбетін және мәдени өзіндік ерекшелігін көрсететін стендпен ұсынылды: қазақтың дәстүрлі мәдениеті элементтері, ұлттық ою-өрнектер және заманауи мультимедиялық шешімдер қолданылды. Көрме қорытындысы бойынша Алматының стенді «Қала туризмін үздік насихаттағаны үшін» деген мәртебелі марапатқа ие болды. Бұл қала стратегиясының халықаралық деңгейде нәтижелі екенін және шетелдік нарықтарда тұрақты қызығушылық бар екенін ресми түрде растайды.

OTM Mumbai 2026 аясында Алматы делегациясы жетекші туроператорлар, әуе компаниялары және халықаралық қонақүй желілерімен 100-ден астам B2B кездесулер өткізді. Кездесулердің басты мақсаты – сыртқы туристік ағымды дамыту, жаңа туристік өнімдерді жасау және серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту, әсіресе әлеуеті зор Үндістан нарығына ерекше көңіл бөлу болды.