«Көкжайлау-Үш ағайынды жартасы - Құмбел шыңы» бағытын абаттандыру

«Көкжайлау-Үш ағайынды жартасы - Құмбел шыңы» бағытын абаттандыру

2020 жылғы 25 қазанда BI Group Алматы қаласы әкімдігі және Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен  бірлесіп, ұзындығы шамамен 12 км болатын «Көкжайлау-Үш ағайынды жартасы - Құмбел шыңы» бағытын абаттандыру жұмыстарын аяқтады.

«Тау маршруттарын жабдықтау ғана емес, сонымен бірге қолданыстағы экожүйені сақтау да маңызды болды. BI Group төселген және танымал соқпақтарды абаттандырумен айналысқанын, айта кетуге болады. Барлық пайдаланылған материалдар экологиялық таза», - деп атап өтті Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Сабина Аманкелді.

BI Development Almaty Бас директоры Айдос Мұқатаевтың айтуы бойынша, жобаның басты мақсаты – даярланбаған туристер үшін тауға шығуды қамтамасыз ету.

Бүгінде жаяу жүргіншілер жолына:

- маршрут көрсеткіштері;

- тік беткейлердегі баспалдақтар;

- шолу нүктелері;

- жаңа орындықтар

- демалуға арналған күркелер;

- сарқыраманың тұтқалары орнатылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Бақыт соқпақтары» жобасы осы жылдың көктемінде ұсынылған болатын. Холдинг басшысы Айдын Рахимбаевтың айтуынша, компания Алматыда және Іле Алатауы тауларында экотуризм және спорттық-туристік инфрақұрылымды дамытуға 360 миллион теңге инвестиция салуға ниетті. Үш жылдың ішінде, барлығы 200 км туристік соқпақтар салу жоспарланып отыр.