Алматы қаласы Туризм басқармасы ағымдағы жылғы 23 қазанда «Алматы-Бішкек» экономикалық дәлізі шеңберінде туризм жөніндегі секторлық жұмыс тобының құрамымен «Таңбалы» музей-қорығында болды.

Алматы қаласы Туризм басқармасы ағымдағы жылғы 23 қазанда «Алматы-Бішкек» экономикалық дәлізі шеңберінде туризм жөніндегі секторлық жұмыс тобының құрамымен «Таңбалы» музей-қорығында болды.

Таңбалы археологиялық кешені Қазақстан және бүкіл Орталық Азияның жартастағы өнерінің мейлінше зерделенген және маңызды ескерткіштерінің бірі болып табылады.

Таңбалы-петроглифтер мен басқа да ежелгі ескерткіштер, сондай-ақ қоршаған ландшафт өзінің табиғи күйінде сақталатын ашық аспан астындағы музей.

Таңбалы кешені Республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесіне ие және ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының объектісі болып табылады.

Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 км жерде, Шу-Іле тауларында орналасқан. Таңбалыда барлығы 5000-ға дейін жартас суреттері бар. Аумақ туристердің келуі үшін жаяу жүргіншілер жолына көрсеткіштер, орындықтар, белгілер орнатылған.