11–22 желтоқсан аралығында Алматы қаласында Гуанчжоу радио және телекомпаниясы Guangzhou Broadcasting Network жобасының түсірілімдері өтуде.

11–22 желтоқсан аралығында Алматы қаласында Гуанчжоу радио және телекомпаниясы Guangzhou Broadcasting Network жобасының түсірілімдері өтуде.

Қытайлық түсірілім тобы мен блогерлер қаладағы негізгі туристік нысандармен, соның ішінде Көктөбе, Арбат, Шымбұлақ, Көк базар және өзге де көрнекті орындармен танысуда.

Түсірілім аясында олар Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысымен сұхбат өткізді. Онда қаладағы туристік саланың дамуы және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Туризм басқармасы аталмыш түсірілімдерге ұйымдастырушылық қолдау көрсетіп, Алматының туристік әлеуетін халықаралық деңгейде насихаттау үшін Гуанчжоу әріптестерімен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.