
Бүгін Thai AirAsia X әуе компаниясы Алматы мен Бангкок арасындағы тікелей рейсті іске қосты. Рейстер аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері, заманауи Airbus A330 ұшақтарында орындалып, жолаушыларға ыңғайлы сапар ұсынады.
Жаңа маршрут туристер үшін үлкен мүмкіндіктер ашпақ. Қазақстан тұрғындары демалыс пен саяхат үшін Таиландқа тез, әрі оңай бара алады. Ал тайлық қонақтар мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген туристер Алматыға келіп, қаланың бай мәдениеті және көркем табиғатымен танысуға мүмкіндік алады.
Әуе компаниясы жаңа бағыттың ашылуына орай алғашқы рейстерге арнайы акциялық тарифтер ұсынады.
Тікелей рейстің ашылуы екі елдің туризм және экономика саласының дамуына ықпал етіп, Қазақстан мен Таиланд арасындағы мәдени және іскерлік байланыстарды нығайта түспек.