
Алматы қаласының Туризм басқармасы туризм саласының қызметкерлеріне арнап фасилитациялық сессияларды ұйымдастыруда. Оқыту 2025 жылғы 22-29 қараша аралығында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Ramada by Wyndham Almaty қонақ үйінде, Байтұрсынов көшесі, 27/1 мекенжайында өтеді. Бағдарлама кәсіби дағдыларды дамытуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және туристер үшін жағымды атмосфера қалыптастыруға бағытталған.
Сессияға фасилитация әдістерін меңгеру, коммуникациялық дағдыларды, эмоционалдық интеллект пен стресс төзімділігін дамыту, сондай-ақ қонақтармен қарым-қатынастың бірыңғай стандарттары мен этикасын қалыптастыру кіреді. Бағдарламаны басқару бойынша кеңесші, коуч, IMPER Group директоры, фасилитатор ассоциациясының басқарма мүшесі және халықаралық IAF және IFVP кәсіби ассоциацияларының мүшесі — Александр Дудоров жүргізеді.
Оқыту аяқталғаннан кейін қатысушылар практикалық білім мен дағдыларға ие болады.