Алматы мен Бейжің: мәдени және туристік салалардағы жаңа мүмкіндіктер

Алматы мен Бейжің: мәдени және туристік салалардағы жаңа мүмкіндіктер

Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы, Бейжің радиотелеарнасы ұйымдастырған «Love Beijing Night Almaty» атты шараға қатысты.

Кеш Бейжің мен Алматы арасындағы мәдени және туристік саладағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған платформаға айналды. Құрметті қонақтар қатарында Алматыдағы ҚХР Бас консулы, Бейжің радиотелеарна басқармасының, туристік қауымдастық пен Конфуций институтының өкілдері, сондай-ақ 31 арна мен KOKTEM телеарналарының басшылары болды.

Шара қатысушылары тақырыптық бейнероликтермен танысып, қытай және қазақ өнерпаздарының бірлескен көріністерін тамашалап, екі қала арасындағы мәдени және туристік қатынастардың келешегін талқылады.