
Оқыту 2025 жылдың 17 қарашасынан 12 желтоқсанына дейін өтеді. Ол 200 қатысушыға арналып, кәсіби біліктілікті дамытуға, туристік қызмет сапасын арттыруға және қаладағы сервис деңгейін көтеруге бағытталған.
Бағдарламаға экскурсиялық қызмет стандарттарын меңгеру, туристік маршруттарды әзірлеу дағдыларын үйрену, сондай-ақ Алматының мәдени және тарихи мұрасын зерттеу кіреді. Шетелдік туристермен және мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады.
Оқыту аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Курсқа жазылу мына телефон нөмірі арқылы жүргізіледі: +7 771 962 40 04 Адема