Қытайға жұмыс сапары: Алматы туризмінің жаңа көкжиектері

Қытайға жұмыс сапары: Алматы туризмінің жаңа көкжиектері

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының жетекшілігімен делегация құрамында Қытайдың жетекші компаниялары мен ұйымдарымен бірқатар стратегиялық кездесулерге қатыстық.

Сапар аясында ерекше назар Алматы мен Қытай арасындағы туризмді дамытуға және мәдени байланыстарды нығайтуға аударылды.
Сапардың негізгі нәтижелерінің бірі — China Professionals-Workers International Travel Service (CPITS) компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды.
Келісімге сәйкес, жыл сайын Қытайдан Алматыға 50 000-ға дейін турист келетін болады.
Бұл өзара туризм мен мәдени алмасуды нығайтып қана қоймай, қонақүй бизнесі, мейрамханалар, гидтер мен сервис саласы үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, жыл сайын шамамен 75 млн АҚШ доллары көлемінде қосымша экономикалық әсер береді.

Бұдан бөлек, Shanghai Construction Group, UBTECH Robotics, Yuexing Group және басқа да ірі корпорациялармен кездесулер өтті.
Инновациялар, қалалық және туристік инфрақұрылым саласындағы бірлескен бастамалар Алматыны әлем қонақтары үшін одан әрі ашық, заманауи және тартымды қалаға айналдыруға мүмкіндік береді.