
Бұл сәт Алматы тауларындағы көтерілу есептегіштерді орнату жобасының символдық қорытындысы болды.
Бірінші болып батырманы аңызға айналған қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев және қатысушылар басты.
Есептегіштер сәтті көтерілу санын тіркейді, статистика қалыптастырады және таудағы қауіпсіз әрі жауапты туризм мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
⚠️ Еске саламыз: тауға шығу — байыпты дайындықты, дұрыс жарақтануды және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды талап етеді. Табиғат – тәуекелге бару емес, құрмет пен саналы көзқарас кеңістігі.
2025 жылы Алматы тауларында үш жаңа өрлеу есептегіші орнатылды — ҮАШ (Үлкен Алматы шыңы), “Молодежный” шыңы және Қ. Сәтбаев шыңы.
Бұл жоба қаланың туристік инфрақұрылымын дамыту және таудағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында жүзеге асырылды.