Thai AirAsia X әуе компаниясы Бангкок – Алматы тікелей әуе бағытын 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап іске қосады.
Бұл қадам Қазақстан мен Таиланд арасындағы туризм алмасуын дамытуға үлкен мүмкіндік береді.
Жаңа рейс ASEAN елдерінен келетін саяхатшылар үшін Алматыға жолды жеңілдетіп, қаланың Орталық Азиядағы туристік орталық ретіндегі беделін арттырады.
Алматыда Thai AirAsia X басшылығымен өткен кездесу өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жылы әрі нәтижелі форматта өтті.