«Шымбұлак» тау курорты «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы

«Шымбұлак» тау курорты «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы

«Шымбұлак» тау курорты «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Кіші Алматы шатқалында Тянь-шань шыршаларын қалпына келтіруге бағытталған Shyrshaly бастамасы бойынша ауқымды ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді.
Курорт аумағында және оған іргелес аймақтарда 500 түп шырша отырғызылды – бұл Алматы тауларының табиғи байлығын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған ұзақ мерзімді жобаның алғашқы кезеңі. 🌲