Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туристік инфрақұрылымды дамыту әрқашан тұрақты басымдық болып қала беретінін атап өтті. Ол Алматы мен Алматы облысындағы таулық және тау шаңғысы туризміне айрықша көңіл бөлді.
📌 Негізгі бағыттар:
– заманауи туристік инфрақұрылымды дамыту;
– бәсекеге қабілеттілікті арттыру және кадрларды даярлау;
– халықаралық туристерді тарту.
«Егер біз заманауи инфрақұрылымды толықтай дамытсақ, Алматы курорттары бүкіл әлемге танымал болып, Қазақстанның ұлттық брендіне айналады», – деді Президент.