Алматыда жаңа қонақүй Resident Hotel Abay ашылды. Бұл нысан қаланың туристік инфрақұрылымын дамытуға қосылған кезекті үлес болып отыр. Заманауи дизайн, ыңғайлы орналасу және жоғары деңгейдегі қызмет көрсету жаңа қонақүйді Алматының туристік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды орындардың біріне айналдырады.
📌 Қазіргі таңда қалада 57 қонақүй жобасына мониторинг жүргізілуде. Оның ішінде 7 биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Әрбір жаңа нысан — бұл тек инфрақұрылым емес, сонымен қатар жайлы және қонақжай қалалық ортаны қалыптастырудың маңызды бөлігі.
Resident Hotel желісі он жылдан астам уақыттан бері табысты жұмыс істеп келеді. Жайлылық пен жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуді үйлестіре алған бұл бренд Алматыда ашылған жаңа қонақүй арқылы қаланың заманауи әрі қолайлы туристік бағыт ретіндегі имиджін нығайта түспек.