Алматы әуежайы бүгінде еліміздегі халықаралық жолаушылар ағынының жартысынан астамын қамтамасыз етіп, Еуразиялық құрлықтың көлік жүйесінде маңызды рөл атқарады.
Әуежай кешенін дамыту аясында жолаушылар терминалын жаңғырту, жаңа қонақүй мен көпдеңгейлі автотұрақ салу және басқа да нысандардың құрылысы жоспарланған. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – TAV Airports компаниясы тарапынан 360 миллион АҚШ долларынан асады.
Жоба аясында Алматы қаласы әкімдігі қажетті қолдау көрсетеді.
Жаңғыртылған әуежай мегаполис экономикасының өсуіне серпін беріп, Алматының туристік және инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.