30 шілде күні Алматы халықаралық әуежайында Air China әуе компаниясының Алматы — Бейжің бағыты бойынша тікелей рейсінің салтанатты ашылуы өтті.
⠀
Air China — Қытайдың ұлттық әуе тасымалдаушысы және Star Alliance жаһандық альянсының мүшесі.
⠀
Бұл рейстің ашылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы туризмді, бизнесті және халықаралық әріптестікті нығайтудағы маңызды қадам болып саналады.
⠀
2025 жылдың бірінші тоқсанында ғана Алматыға Қытайдан 20 000-нан астам турист келген — бұл өткен жылмен салыстырғанда 39,9%-ға көп.
⠀
Қазір Алматы Қытайдың 7 қаласымен тікелей әуе қатынасы арқылы байланысқан, ал ай сайынғы рейстер саны 150-ден асады.