Алматыда санитария мәселелесі талқыланд

Алматыда санитария мәселелесі талқыланд

Алматыда санитария мәселелесі талқыланды
29 шілде күні Алматыда халықаралық коммерциялық емес «World Toilet Organization» негізін қалаушы Джек Сим мен қаланың туризм басқармасы өкілдері арасында кездесу өтті. Кездесу барысында тұрақты туристік инфрақұрылымды дамыту, санитария саласындағы өзекті мәселелер және туристік аймақтарда заманауи әрі қолжетімді қоғамдық дәретханаларды енгізу мүмкіндіктері талқыланды.
Джек Сим — соңғы жиырма жылдан астам уақыт бойы санитария және гигиена мәселелерін жаһандық деңгейде көтеріп жүрген танымал әлеуметтік кәсіпкер. Қазақстанға арнайы келген ол Қытай, Үндістан және Бразилияда жүзеге асырылған табысты жобалар тәжірибесін бөлісті.
Сапар аясында Джек Сим қаланың басты туристік нысандарымен танысып, мәдени іс-шараларға да қатысты. Тараптар алдағы уақытта да диалогты жалғастырып, Алматы тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы мен санитарлық мәдениетін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды дамытуға уағдаласты.