Туризм саласының өкілдері мен туристік компаниялар үшін өткен кездесуде тек жаңа бағыт қана емес, сонымен қатар әуе компаниясының қызметі мен Алматыда ашылған жаңа кеңсесі де таныстырылды.
Қытайдың ірі мегаполисімен тікелей әуе қатынасының ашылуы — туристік және іскерлік ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңі. Жылдың бірінші тоқсанында Алматыға Қытайдан 21 мыңға жуық турист келген, бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді.
Жаңа рейс Қытай қонақтары үшін Алматыны бұрынғыдан да жақын етіп, елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетініне сенімдіміз!